Қазақстан Республикасы күні аясында зияткерлік ойыны өтті

  • 24.10.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 137

23.10.2023ж. Қазақстан Республикасы күні аясында Арқалық қаласындағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде ата-аналардың қатысуымен «Көк байрақты құт мекенім» атты зияткерлік ойыны өтті.
Іс-шараның мақсаты – патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге, оның бай, қуатты ел екенін мақтан етуге, туған елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Қазақстан тарихына қысқаша шолу.
Іс-шара әнұранды орындаумен басталды. Ойындар ойнатылып, ол 7 «Танысу», «Бірлестік құру», «Тарихи тұлғалар», «Мақал-мәтелдер», «Кім жылдам», «Қазақ есімдері», «Сөз құра» шарттан тұрды. Ойынға қатысушылардың арасында А.А. Нұрханова ежелгі Қазақстан мен жаңа Қазақстан тарихын білуімен ерекшеленді.
Ойын қортындысы бойынша барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, алғыс хаттар табысталды.
Іс-шараны өткізген  мамандар – Қ.С. Жеңіс, логопед – дефектолог А.Е. Берік