Пресс-релиз

  • 24.10.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 377

«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық-ғылыми  практикалық  орталығы» РММ 2023 жылдың 30 қазаннан бастап 09 қараша  аралығында жаспарланған іс-шаралар туралы хабарлайды.

2023 жылдың 30 қазанынан бастап 09 қараша аралығында «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» РММ-де жалпы білім беру мектептердің логопедтеріне арналған «Жалпы білім беру ұйымдарында сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» атты біліктілікті арттыру курсын өткізеді.

Курстың мақсаты:

1) ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген педагогикалық қызметкерлер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары мен педагогтің кәсіби стандарты талаптарына сай контексінде әлеуметтік-педагогикалық моделіне негізделген жалпы білім беретін мектепте сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау және логопедтік көмек көрсету мәселелері бойынша логопедтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.

2) нормативтік-құқықтық базаны жүйелі талдау үдерісінде ҚР білім беру инклюзиясының өзекті міндеттерін түсінуге қол жеткізу;

3) инновациялық әдістерді қолдана отырып, арнайы ұйымдастырылған пәндік-дамытушылық ортада логопедиялық үдерісті зерттеу және жобалау қызметі шеңберінде негізгі іскерлікті қалыптастыру.

Курс аяқталғанан кейін тындаушылар:

1) логопед-мұғалімнің құжаттарын жүргізу тәртібін біледі (командалық бағалау барысында бақылау хаттамасын/күнделігін толтыру, сөйлеу тілі карта-хаттамасын жүргізу, Логопедтік ұсынымдарды әзірлеу, түзету-логопедиялық үдерістің оқу бағдарламаларын, жоспарлары мен технологиялық карталарын ресімдеу);

2)  сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар баланың дамуының жалпы және ерекше заңдылықтары мен ерекшеліктеріне сәйкес келетін инновациялық педагогикалық технологиялар, АКТ негізінде өздерінің оқу-түзету, логопедиялық және ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырады.