Ведомствоаралық жұмыс тобының үшінші отырысы өтті

  • 26.10.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 183

24.10.2023 ж. Астана қаласында БҰҰ Балалар қорының Қазақстан Республикасындағы (ЮНИСЕФ) өкілдігі ұйымдастырған ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. 
          Отырыстың мақсаты – әрекет жоспарын іске асыруды талқылау, оның ішінде ата-аналарға ерте даму бойынша мамандарды ұсыну болды. 
Іс-шараға Оқу-ағарту министрлігі, Денаулық сақтау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және басқа да үкіметтік емес ұйымдардан ведомствоаралық жұмыс тобының қатысушылары шақырылды. Сонымен қатар ЮНИСЕФ-тің жас балаларды дамыту жөніндегі аймақтық кеңесшісі Александр Джович отырысқа қатысты.
Сондай-ақ 24 қазанда Республика күніне арналған салтанатты іс-шарада АИБД ҰҒПО-ның оңалту және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің меңгерушісі Зауре Болатовна Джангельдинова ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.