ППТК-да емдік дене шынықтыру апталығы болып жатыр

  • 27.10.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 113

27.10.2023 ж. Ұлытау облысы, Сатбаев қаласының «№7 Психологиялық педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де емдік дене шынықтыру апталығы болып жатыр.
Бүгін емдік дене шынықтыру маманы Есенов Ж.Б. және әлеуметтік педагог Жанабилова Д.Ж. «Мен ғажайыппын» тақырыбында тренинг жүргізді. 
Тренингтің мақсаты:
- мамандарды ұйымшылдыққа шақыру
- мамандар арасында қарым-қатынасты нығайту
- жағымсыз көңіл-күйден арылу
- күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу
- өзін еркін сезінуге көмектесу. 
Сонымен қатар психологиялық сұрақтар, әр түрлі жаттығулар, қызықты ойындар өткізілді.