Арнайы жас мамандарға арналған семинар-практикум өтті

  • 26.10.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 145

26.10.2023ж. Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» МКҚК ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру ұйымдарының арнайы жас мамандарына арналған «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен психологиялық-педагогикалық түзетуде «Арт-терапия» әдістерін қолдану» тақырыбында семинар-практикум өтті. 
Семинар барысында №2 және №4 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің білікті мамандары ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің қыр-сырын іс жүзінде көрсетті. 
Сонымен қатар Арт-терапияның әртүрлі әдістері арқылы түзету жұмыстарын тиімді жүргізу, ата-аналармен жүргізілетін бірлескен  жұмыс түрлері, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру алгоритмі көрсетілді.
Семинар соңында «Тілектер картасы» тренингісі арқылы кері байланыс ұйымдастырылып,  қатысушылар тілектері мен ұсыныстарын білдірді.