Арнайы түзету мектептерінің үйде оқыту мұғалімдеріне арналған семинар-практикум

  • 27.10.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 207

27.10.2023 ж. Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес «№1 Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» КММ мамандарымен бірлесіп арнайы түзету мектептерінің үйде оқыту мұғалімдері үшін «АСБ (Аутистік спектрдегі бұзылыстар) бар балаларда базалық дағдыларды қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізілді.
Аутизм орталығының мамандары, өзінің тиімділігін дәлелдеген қолданбалы мінез-құлықты талдау әдістемесі (АВА әдісі) және басқа да жұмыс әдістері туралы айтты. Сондай-ақ аутизмі бар балалармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті, іс жүзінде аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеуде осы әдістердің қолданылуын көрсетті:
- көрнекі қолдау құралдары туралы,
- көтермелеудің жетондық жүйесі туралы,
- дағдарыстық жағдайларды басқару туралы және т.б.
Семинарға қатысушыларға берілген ұсыныстар:
- АСБ бар балаларда мінез-құлық стратегияларын қолдану;
- баланың күрделі мінез-құлқымен бірлесіп жұмыс істеу үшін АСБ бар балалардың ата-аналарын тарту;
Семинар соңында қатысушылар ашық диалог аясында сұрақтарына жауап алып, еркін пікір алмасты. Семинарға үйде оқытатын 35 мұғалімі офлайн, 60 мұғалімі онлайн қатысты.