Орталықта консультативтік-әдістемелік көмек алу мақсатында кездесу өтті
30.10.2023 ж. біздің орталыққа консультативтік-әдістемелік көмек алу мақсатында Қарағанды облысы Осакаров ауданының ППТК-нің әдіскері Шемерлюк Александра Сергеевна келді.
АИБД ҰҒПО-ның оңалту және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің мамандары Достай А.К. және Омаргалиева Г.С. командалық бағалау қорытындылары бойынша басқа мамандардың ұсынымдары мен тағайындаулары, отбасына көмек бағдарламаларын жасау, дәлелді себептермен балалардың сабаққа қатыспауын ескере отырып, білім беру үдерісін ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету шартына өзгерістер енгізу бойынша сұрақтарға толық жауап берді.
А.С. Шемерлюк № 385 бұйрықтағы соңғы өзгерістерге сәйкес құжаттаманы жүргізу бойынша оны қызықтыратын сұрақтарына жауап алды, сондай-ақ ППТК-нің штатында әлеуметтік педагог жоқтығы проблемасын атап өтті.