Білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған облыстық семинар-практикум
31.10.2023ж. ШҚО Білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы күзгі демалыс мектебінің іс-шаралары аясында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ базасында жалпы білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне, логопедтеріне, дефектологтеріне және педагог-ассистенттеріне «Жалпы білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарының рөлі» атты облыстық семинар-практикум өткізді.
Аталған іс-шараға облыстағы білім беру ұйымдарының 60-тан астам педагогі қатысып, әдістемелік ұсыныстар алды.
Семинар-практикум екі бөлімнен тұрды: пленарлық және секциялық.
Пленарлық бөлімде Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының, ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының, С.Аманжолов атындағы ШҚУ, облыстық ПМПК, аутизмі бар балаларды қолдау орталығының (autism-орталық) өкілдері сөз сөйледі.
Секция барысында Өскемен қаласының мектептеріндегі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу педагогтері жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін арнайы жағдайлар жасау, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің қызметін ұйымдастыру бойынша өз іс-тәжірибелерін көрсетті.