Мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар өтті
02.11.2023 ж. Қонаев қаласында «№4 орта мектебі» КММ-де «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық–педагогикалық қолдау» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты – психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары мен мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Семинарды АИБД ҰҒПО РММ-нің мамандары Ресурстық орталықтың арнайы педагогі (мұғалім-дефектолог) – А.А. Сатпекова және арнайы және инклюзивті білім берудің әдіснамасы және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің әдіскері – Ж.Б. Аханова өткізді. Семинар барысында АИБД ҰҒПО мамандары педагогтердің сұрақтарына жауап беріп, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың нақты жағдайларын талдады.