ППТК-да балаларға арналған спорттық эстафета өтті

  • 03.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 116

03.11.2023ж. Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы «Петропавл қаласының білім бөлімі» №2 КММ-де балаларға арналған «Ең шапшаң» атты спорттық эстафета өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты – балалардың спортпен шұғылданудан көңіл көтеру, жағымды эмоциялардың, өзара көмек сезімдерінің дамуына ықпал ету, дене шынықтырудың кез-келген ауруға қарсы құрал ретіндегі маңыздылығын насихаттау және балалар мен олардың ата-аналары үшін қызықты ойын тәсілі ретінде физикалық сұлулыққа, күшке, төзімділікке қол жеткізу.
Балаларға жүгіру, секіру, жорғалаумен қызықты, кейде өте қиын жарыстар ұсынылды, онда олар өздерінің спорттық, ақыл-ой қабілеттері мен дағдыларын көрсете алды.
Бұл қызықты жарыстың барлық кезеңдері жайлы және мейірімді атмосферада өтті. Балалар өздеріне ұсынылған барлық тапсырмаларды қызығушылықпен және қуанышпен орындады. Эстафета қызықты және көңілді өтіп, көптеген жағымды эмоция мен әсер қалдырды.