Логопедтерге арналған біліктілікті арттыру курсы өткізіліп жатыр

  • 03.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 232

Құрметті әріптестер!
АИБД ҰҒПО-да 30 қазаннан бастап білім беру мектебі ұйымдарының логопедтеріне арналған «Жалпы білім беру ұйымдарында сөйлеу тілінде ауыр түрде бұзылыстары бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізіліп жатыр.
Ғылыми қызметкерлер А.М. Кудеринова, п. ғ. к. И. А. Денисова, п. ғ. к. Г. С. Оразаева, Ә.Ы. Ермагамбет, Лар, психология ғылымдарының кандидаты А.К. Ерсарина, Г. Ю. Даурцева сабақта өз тәжірибелерімен бөлісіп жатыр. 
Дәріс материалы ҚР білім беру саласындағы заңнамалық актілерін толық көлемде көрсетеді. Курстың басым бағыты – әлеуметтік-педагогикалық моделіне негізделген жалпы білім беретін мектепте сөйлеу тілінде ауыр түрде бұзылыстары бар балаларға логопедтік көмек және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мәселелерінде логопедтердің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру.