ППТК мамандары студенттер мен оқытушыларға арналған оқыту семинарын өткізді

  • 07.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 102

06.11.2023 ж. Шымкент қаласы Білім басқармасының «№2 ППТК» мамандары академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде офлайн форматында «Аутизм. Баршамызға бір әлем» тақырыбында студенттер мен оқытушыларға арналған оқыту семинарын өткізді. 
Семинардың мақсаты – студенттер мен оқытушыларға АВА (Аpplied behavior analysis – Қолданбалы мінез-құлықты талдау) ғылымы, оның пайда болу тарихы және АСБ бар балаларды оңалтуда қолдану туралы ақпарат беру. 
Семинар барысында «АВА ғылымын қалыптастыру, қолдану аясы және оның тиімділігі», «АСБ бар балаларды түзетуде АВА қолдану» тақырыптары талқыланды.
Сонымен қатар семинарда студенттер мен педагогтерге семинар жоспары бойынша толық ақпарат ұсынылды. Ашық диалог барысында студенттер мен оқытушылар сұрақтар қойып, викторинадан сұрақтарға жауап берілді.