Өңірлік педагогикалық университетінің білім алушыларына арналған шеберлік сабақ

  • 08.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 101

08.11.2023 ж. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Асыл Мирас» аутизмі (аутистік спектрдің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тараз өңірлік педагогикалық университетінің «Арнайы педагогика» факультетінің білім алушыларына арналған  шеберлік сабақ өткізді. Шеберлік сабақ «Аутистік спектрінің бұзылуы бар балаларды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында өтті.
Шеберлік сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, педагогикалық университеттің білім алушыларымен практикалық ойындар және логопедтік жаттығулар орындалды. Шеберлік сабақтың соңында Орталықтың мамандары қорытынды жасап, пайдалы кеңестер берді.