АИБД ҰҒПО-да ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН КЕЛГЕН ӨКІЛДЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

  • 09.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 99

09.11.2023 ж. АИБД ҰҒПО-да Өзбекстан Республикасы Чирчик мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында орталықтың қызметі таныстырылып, арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, орталық бойынша экскурсия жүргізілді. Біздің орталық қонақтармен арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту туралы пайдалы ақпараттармен, әдіс-тәсілдермен, озық тәжірибелермен қуана бөлісті.
Сондай-ақ, алдағы уақытта ынтымақтастықты нығайту жайлы ұсыныстар жасалды.