Ерекше білім беруді қажет ететін баланың ойын әрекеті
09.11.2023 ж. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы №10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде» дефектолог З.Т. Бегайдарова «Ерекше білім беруді қажет баланың ойын қызметі» тақырыбында сабақ өткізді
Сабақтың мақсаттары:
Түзете-білім беру:
- Заттарды түсі мен мөлшері бойынша ажырата білу қабілетін бекіту.
- Заттарды түсі мен көлеміне сәйкес топтарға біріктіру қабілетін қалыптастыру.
Түзете-дамыту:
- Көрнекі қабылдауды; зейінді;ұсақ және артикуляциялық моториканы дамыту;
- Нұсқаулықты орындау арқылы мұғаліммен визуалды байланысқа шақыру: «Маған қара».
- Мұғалімді есту, өтінішке жауап беру, қарапайым нұсқауларды орындау қабілетінің қалыптасуы: «Қайда жегеніңді көрсет».
- Жаттығу барысында ұсақ моториканы дамыту.
- Ишара мен сөйлеу дауыстарына шақыру.
- Сабаққа деген қызығушылықты, табандылықты, басталғанды соңына дейін жеткізуге деген ұмтылысты тәрбиелеу.
Әлеуметтендіруші:
- Эмоционалды байланыс орнату, сәттілік жағдайын жасау (тактильді және ауызша ынталандыру арқылы).