Арнайы балабақшада Аутизм орталығы мамандарының қатысуымен семинар өтті

  • 10.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 157

09.11.2023 ж. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «Алма» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақша» КММ-де «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға кешенді түзету-дамытушылық көмек көрсетудің замануи әдістемелері» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға «Асыл Мирас» аутизмі бар (аутистік спектрдің бұзылуларымен) балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы)» КММ-нің мамандары қатысты.
 
Семинар барысында педагогтер балалардың сөйлеу  тілін жетілдіру, сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзете-дамыту бағытында  өз іс-тәжірибелерімен  бөлісті. Балабақша мамандары түрлі ойын,  қимыл, танымдық, шығармашылық түрде баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында  қолданылатын дидактикалық материалдармен таныстырды.