Білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды
09.11.2023 ж. АИБД ҰҒПО-да «Жалпы білім беру ұйымдарында сөйлеу тілінде ауыр түрде бұзылыстары бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбы бойынша білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Оқу апталығы сөйлеу тілінде ауыр түрде бұзылыстары бар балаларға арналған №9 арнайы түзету мектеп-интернатында тәжірибелік сабақтарға толы болды. Логопедтің қатысуымен сөйлеу функцияларын дамытудың тиімді технологияларын жүзеге асыру барысын бақылады.
Дөңгелек үстелде арнайы білім беру ұйымдары қызметінің ережелері саласындағы көптеген мәселелер талқыланды. Барлық сұрақтарға толыққанды жауап берілді.
Тыңдаушылар курстардың мазмұнын, берілген материалдың берілуін және алуан түрлілігін жоғары бағалады. Позитивтік эмоция алып, барлық педагогтерге алғыстарын білдірді және кәсіби қызмет аясында одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға шешім қабылдады.