Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған нейрогимнастикалық ойындар кешені

  • 16.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 201

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «Алма» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақша» КММ-де «Ақылды нейрогимнастика» тақырыбы бойынша жоба аясында нейрогимнастикалық ойындар кешені өткізілді. 
 
Нейропсихологиялық түзету - бұл бұзылған ми функцияларын қайта құрылымдауға және баланың ары қарай өз бетінше үйреніп, оның мінез-құлқын бақылай алатын компенсаторлық құралдарды жасауға бағытталған арнайы психологиялық әдістер кешені. 
 
Нейрокоррекциялық ойындар мен жаттығуларды ерте балалық шақтан жеке және топтық жұмыста қолдануға болады. Нейропсихологиялық тәсіл қозғалыс арқылы баланың психикалық процестерінің ауытқуын (зейін, есте сақтау, ойлау, сөйлеу және т.б.), эмоционалды-ерік саласын түзетуді қамтиды.