ППТК-да ата-аналарға арналған отбасылық кеңес өткізілді
16.11.2023 ж. Петропавл қаласының №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде «Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытуда ойын моделдеуді қолдану» тақырыбында отбасылық кеңес өтті. Отбасылық кеңесті педагог-психолог Г. М. Серазетдинова ұйымдастырды.
Ата-аналар іс-шараға белсенді қатысып, үйде балалармен жұмыс жасауда көрнекі кестелерді, мнемоникалық кестелерді, пиктограммаларды, әңгіме құрастыру алгоритмдерін қолдануды үйренді.