Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды ерте қолдауда тәжірибе алмасу
15.11.2023 ж. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің, психология және коррекциялық педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен SpecPed & CliPsy тақырыбында мастер класс өткізілді.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Асыл Мирас» аутизмі (аутизм спектірінің бұзылуы бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы) КММ-нің мұғалім дефектологтары Г.Ғ. Амантаева және Е.Қ. Қабылғазина қатысты. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды ерте қолдауда «Ерте қолдаудың Денверлік моделі» әдістемесін қолданудың маңызы» тақырыбында тәжірибе алмасу жүргізілді.
Мақсаты - кафедра студенттеріне және мамандарға арнап практика жүзінде таңдалып алынған тақырыпқа мастер класс өткізіп, кәсіби біліктіліктермен практика жүзінде бөлісу болып табылады.
Іс-шара соңында мамандарға белсене қатысқаны үшін сертификат табысталды.