ШҚО білім беру ұйымдарының логопедтері мен дефектологтерінің кәсіби кездесуі

  • 16.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 85

16.11.2023 ж. 14 қараша – халықаралық Логопед күні және 19 қараша – Халықаралық дефектолог күніне орай ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы С. Аманжолов атындағы ШҚУ және «Аутизмі (аутизм спектрінің бұзылуы) бар балаларды қолдау» орталығы (Autism-орталығы) КММ базасында облыстағы білім беру ұйымдарының логопедтері мен дефектологтерінің «Білім беру ұйымдарында логопед, дефектологтердің кәсіби қызметін кешенді тәсіл арқылы ұйымдастыру» тақырыбында кәсіби кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Аутизмі (аутизм спектрінің бұзылуы) бар балаларды қолдау» орталығының педагогтері, С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі мен жоғары біліктілік санатты логопед-дефектологі өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
«Арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогі» байқауының республикалық кезеңінің жүлдегерлері шеберлік сыныптарын көрсетті.
«Dana bala» АИББО зертханасына және «Аутизмі (аутизм спектрінің бұзылуы) бар балаларды қолдау» орталығына экскурсия жасалып, кері байланыс ұйымдастырылды, қатысушылар қойылған сұрақтарына жауап алып ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, өткізілген іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
Шараға барлығы 100 педагог (логопедтер, дефектологтер) қатысып, әдістемелік ұсынымдар алды.