Түзету кабинетінің жұмысымен таныстыру мақсатында аудандық семинар өткізілді

  • 17.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 182

16.11.2023 ж. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Қордай ауданындағы білім бөлімінің «Қордай ауданы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де «Жалпы білім беретін мектептері мен балабақшаларында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен психокоррекциялық жұмыстарының маңызы» атты аудандық семинар өтті.
 
Семинардың мақсаты – жалпы білім беретін мектептер мен балабақшалардың  психологтары мен дефектолог мамандарын түзету кабинетінің жұмысымен таныстыру болып табылады. Семинардың міндеті – баланың жалпы психофизикалық  жағдайын дамытуда мамандардың тәжірибелі сабақтарының ерекшеліктерін көрсету.
 
Семинар барысында баланың ой өрісі мен қимыл-қозғалысын дамытуға арналған бейімді дене шынықтыру мен сенсорлық бөлме, НейроПорт аппараты, Нумикон, сенсорлық қорап құрал-жабдықтарын сабақта қолдану әдіс-тәсілдері көрсетілді. Сонымен қатар балабақша психолог, дефектолог мамандарына нормативтік-құқықтық актілері туралы ақпарат ұсынылып, қажетті кеңестер берілді.