Арқалық қаласының Жасөспірімдер театрының әртістері түзету кабинетіне баратын балаларды қойылымға шақырды

  • 17.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 99

16.11.2023 ж. «Рухы биік жандар» акциясы аясында «Арқалық қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-не баратын балаларды Арқалық қаласының жасөспірімдер театрының әртістері «Құйыршық» ертегі қойылымына шақырды (ертегісінің авторы - Ә.Қайнар, қоюшы режиссеры – Ә.Садықова, қоюшы-суретшісі – Е.Мергенов).
Іс-шараның мақсаты – балаларды патриоттық сезімге, өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
40 минуттық қойылымда балалар сөздерді қайталады және ертегі кейіпкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Қойылым барысында балалар эмоциялары мен сезімдерін қозғалыстар мен мимика арқылы жеткізуге үйренді. Жағымды эмоциялар, сергектік көңіл күй және балалардың бақытты жүздері - театр әртістері үшін ең жақсы сыйлық.