№7 ППТК-да логопедтердің онкүндік декадасы басталды

  • 20.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 85

20.11.2023 жылы Ұлытау облысы «Сәтбаев қаласы Білім басқармасының №7 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де  логопедтердің онкүндік  декадасы бастау алды. Он күндік декада 20.11-01.12.2023 жыл аралығында өтеді. 
Декаданы өткізудің негізгі мақсаты: 
- Ерекше білім беруді қажет ететін мектеп жасында дейінгі балаларға және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілін дамыту.
- Мерекелік көңіл-күй сыйлау.
- Ата-аналарға кеңес беру және оларды ақпараттандыру.
-Арнайы мамандарға шеберлік сабақтарын көрсетіп, тәжірибе алмасу.
Іс-шарада ата-аналарға ақпарат тәжірибе және теория түрінде беріледі.