Халықаралық дефектологтар күніне арналған іс шара өтті
21.11.2023 ж. Шымкент қ. «№2 ППТК» КММ-де Халықаралық дефектологтар күніне арналған «Ашық есік күні» іс-шара өткізілді. Мамандар барлық ниет білдірушілерді орталыққа баруға және командамен танысуға, сондай-ақ мамандар балалар мен олардың ата-аналарына қандай көмек көрсететіні туралы көбірек білуге шақырды.
Ашық есік күні орталық басшысының құттықтау сөзімен басталды. Ол ұйымның миссиясы мен мақсаттары, сондай-ақ орталық ұсынатын қызметтер туралы айтты. Сонымен қатар қонақтар орталық бойынша экскурсияға шақырылды.
Орталық бойынша экскурсия барысында келушілер өзіне-өзі қызмет көрсетуге және әлеуметтік дағдыларды дамытуға арналған арнайы керек-жарақтарды қамтитын кабинеттермен таныса алды. Сондай-ақ, қонақтарға бейнеролик пен Орталық туралы презентация ұсынылды. Бұл қонақтарға ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен ата-аналарға қандай қолдау көрсететінін жақсы түсінуге мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында ашық форум ұйымдастырылып, онда қонақтар командаға сұрақтар қойып, оларды қызықтыратын АСБ (аутистік спектрдегі бұзылыстар) және оны түзету аспектілері жайында кері байланыс орнатылды.