№7 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде логопедтер декадасы жалғасып келеді

  • 22.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 165

«№7 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  логопедтер декадасы жалғасып келеді.  Жоспарға сай декаданың екінші күні мекеменің логопед маманы  А.Д. Аширбекова  үй жағдайында орындалатын логопедтік тапсырмалар мен жаттығуларды түсіндіре отырып,  ата-аналарға  көмек көрсету, пікір алмасу мақсатында «Отбасы және ППТК жағдайында балалардың сөйлеуін дамыту» атты ата-аналарға арналған логотренинг өткізді. 
Логотренингтің міндеттері:
1. Үйде баламен өзара әрекеттесуді ұйымдастыруда әр отбасына көмек көрсету.
2. Ата - аналарды ата-аналар мен мамандардың бірлескен қызметі ең тиімді екенін түсінуге жетелеу.
3. Логопедтік жұмыстың бірінші кезеңінде үйде балалармен бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру кезінде ата-аналарды ойын әдістерімен және тәсілдерімен таныстыру:
а) артикуляциялық моториканы дамыту
б) ұсақ моториканы дамыту
в) кинестетикалық сезімдердің дамуы
г) дұрыс сөйлеу тыныс алуын дамыту
д) фонематикалық процестердің қалыптасуы
е) жоғары психикалық функцияларды дамыту
4. Балалар мен ата-аналардың бірлескен қызметіне қызығушылық таныту.