АИБД ҰҒПО мамандарының тобы Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысына іс-сапарын бастады

  • 22.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 110

20.11.2023ж. АИБД ҰҒПО мамандарының тобы оңалту және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің меңгерушісі З.Б. Джангельдинованың басшылығымен Қарағанды қаласы және Қарағанды облысы ППТК және оңалту орталығы бойынша іс-сапарын бастады.
 
Мамандар тобы Қарағанды облысы Білім басқармасы басшысының м.а. А.Т. Болкенбаевпен және Қарағанды облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы, арнайы және қосымша Білім беру бөлімінің басшысы А.М. Мукашевамен кездесті. Қарағанды қаласында және Қарағанды облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің өзекті мәселелерін талқылады.
 
Жұмыс тобын Қарағанды облысы Білім басқармасының тәрбие жұмысы, арнайы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Г.З. Абишеваның қолдауымен іске асты.
 
Жұмыс барысында АИБД ҰҒПО мамандары Қарағанды облысында мүмкіндігі  шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің ерекшеліктерімен және жаңа нормативтік-құқықтық актіге сәйкес ППТК және оңалту орталығының мамандары жүргізетін құжаттармен танысып, Халықаралық қызмет етудің классификациясы шеңберінде пәнаралық командалық бағалау жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік-консультациялық көмек көрсетті.