№ 10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде ашық сабақ өткізілді

  • 22.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 172

22.11.2023ж. Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы №10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де логопед  Д.А. Жетписова «Үйшік ертегісі» тақырыбында сабақ өткізді.
 
Мақсаты – жалпы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Тапсырмалар:
Білім беру:
1. Үйшік ертегісімен таныстыру.
Түзете-дамытушылық:
1. Саусақ жаттығулары арқылы саусақ қимылдарын динамикалық ұйымдастыруды жақсарту.
2. Динамикалық кідірісті орындау кезінде музыкалық-ырғақты қабілеттерін дамыту және жетілдіру.
3. Артикуляциялық гимнастиканы орындау арқылы тіл мен еріннің қозғалғыштығын пысықтау.
4. Қатты және ақырын дауыспен сөйлеу қабілетін дамыту.
5. Психикалық үдерістерді дамыту (есте сақтау, зейін, ойлау).
Тәрбиелік:
1. Баланың логопедиялық сабақтарға деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал ету.
2. Жануарларға деген жанашырлық пен сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.