«Сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту» жоба жұмыстары жүргізілді

  • 23.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 202

22.11.2023ж. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «Алма» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақша» КММ-де «Сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту» тақырыбы бойынша жоба жұмыстары жүргізілді. 
 
Аталған жоба аясында «Ойын – баланың ынта-ықылас, саусақ ұшы, дауыс күші, танымы». «Майнд-фитнес  технологиясы» «Артикуляциялық жаттығулар арқылы дыбыстарды қою кезінде биоэнергопластика әдісін қолдану»  тақырыптары ұсынылды. 
 
Берілген тақырыпқа сәйкес әрбір педагогтер өздерінің жұмыстарын ұйымдастырды. Логопедтер, тәрбиешілер әріптестеріне өз жобаларында танымдық жұмысты қалай ұйымдастыруға болатынын, қандай жаңа әдістерді қолдануға болатындығын көрсету үшін шығармашылық тәсілді қолданды.