АИБД ҰҒПО мамандарының Қарағанды облысы мен Астана қаласы бойынша жұмыс сапары аяқталды

  • 24.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 84

24.11.2023 ж. Қарағанды облысы мен Астана қаласы бойынша АИБД ҰҒПО оңалту және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің мамандарының жұмыс сапары аяқталды.
 
Мамандар Теміртау қаласының арнайы білім беру ұйымдарына (ОО,ППТК) барғаннан кейін Астана қаласының №2 Оңалту орталығының әріптестерімен кездесіп, қаланың Алматы ауданында орналасқан филиалына барды.
 
Мамандардың айтуынша, бұл сапар оқиғаға толы, қызықты және нәтижелі болды, психофизикалық дамуында бұзылыстары бар балаларды оңалту мен абилитациялаудың көптеген мәселелері көтерілді. Қарағанды облысының және Астана қаласының әріптестерімен бірге балаға түзету-дамыту көмегінің сапасын жақсарту және отбасына көмек көрсету бойынша ұсыныстардың түрлі нұсқаларын талқылап, қарастырды.