Инклюзивті білім берудегі педагог мамандарын ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу

  • 27.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 170

23-24.11.2023ж. Атырау қаласында «Ой-сана» психологтер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім берудегі педагог мамандарын ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» Республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. 
Біздің орталығымыздың арнайы және инклюзивті білім берудің әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің әдіскері, аға оқытушысы Ж.Б. Аханова инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық негіздері бойынша баяндамамен сөз сөйлеп, өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ орталығымыздың аға ғылыми қызметкері Г.Б. Ибатова атқарылған ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жалпылау бойынша ақпарат берді. 
Инклюзивті білім беру мәселелері талқыланып, шебер сағатта логомассаж, практикум: ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды анықтауда қолданылатын құралдар, әдіс-тәсілдер туралы ақпарат берілді және көрсетілді.
Одан бөлек, конференция барысында бинарлық семинар және дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара соңында қорытынды жасалып, қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.