АИБД ҰҒПО әдістемелік-консультациялық көмек көрсету мақсатында оңалту орталықтарының мамандарын қабылдады

  • 30.11.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 144

29.11.2023 ж. АИБД ҰҒПО-ға әдістемелік-консультациялық көмек алу мақсатында Қызылорда облысының №3 оңалту орталықтары мен облыстық оңалту орталығының мамандары келді.
АИБД ҰҒПО-ға келген мамандар оңалту орталықтарының директорлары, әдіскерлері, әлеуметтік педагогтері, логопед-мұғалімдері болды. Әріптестердің өтініші бойынша пәнаралық командалық бағалау жүргізілді. Оңалту және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің мамандары шеберлік сабақ өткізді. Мамандармен талқылау барысында бағалау алгоритмі қарастырылып, командалық бағалау қорытындылары бойынша хаттамалар мен ұсынымдар бірлесіп толтырылды.
Сонымен қатар әріптестер жеке дамыту бағдарламаларын, түзете-дамыту бағдарламаларын құру бойынша, түзете-дамыту бағдарламалары мен дағдыларды дамыту бағдарламаларының мазмұны бойынша ұсыныстар алды.