Жалпы білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды
01.12.2023
ННПЦ РСИО
177
30.11.2023 ж. АИБД ҰҒПО-да жалпы білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған қазақ тілінде «Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысын түзетудің заманауи технологиялары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Оқу апталығы жазу мен оқудың бұзылыстары бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру формалары, әдістері мен шарттары зерттеліп, қарқынды өтті. Сөйлеу тіліндегі ауыр түрдегі бұзылыстары бар балаларға арналған №9 арнайы (түзету) мектеп-интернатында пәндерді бейімдеп оқыту стратегиясын іске асыруға логопедтің қатысуымен оқыту барысы қаралды.
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстары бар білім алушылар үшін Үлгілік және жұмыс бағдарламаларының іске асырылуына мониторинг жүргізілді. Логопед-мұғалімнің дисграфия бойынша жеке және топтық сабақтарына талдау жүргізілді. Курс қатысушылары логопедтер дислексия мен дисграфиясы бар балалардың психофизикалық, жас ерекшеліктері мен жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру-түзету процесін жүзеге асыруды (сүйемелдеуді) үйренді.
«Дөңгелек үстел» барысында Орталық басшысымен бірге білім беру ұйымдарының қызметін жүзеге асыру ережелері саласындағы мәселелер талқыланды. Оқытудың арнайы жағдайларын жасауға байланысты бар кедергілер мен проблемалар талданды.