Семинарға дәріскер ретінде АИБД ҰҒПО білікті мамандары шақырылды

  • 01.12.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 75

2023 жылдың 30 қарашасы мен 01 желтоқсаны күндері САТР орталығының ұйымдастыруымен екі күн ішінде «Мүмкіндігі шектеулі жандарды оқыту мен оңалтудың заманауи көмекші және техникалық құралдары» тақырыбында семинар өтті.
 
Іс-шара аясында дәріскер ретінде біздің орталықтың мамандары З.Б. Джангельдинова мен А.С. Токарева шақырылды. Олар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен және өзекті ақпараттарымен бөлісті, яғни дамушы пәндік-кеңістіктік ортаны (сенсорлық бөлме, жұмсақ модульдер, дамушы дидактикалық материал, ойын бөлмелері мен когнитивті дамуға арналған жаңа жабдықтар) және қозғалыс пен жаттығу терапиясын дамытуға арналған оңалту жабдықтарын құру туралы ақпараттар айтты.
 
Сонымен қатар З. Б. Джангельдинова «Сенсорлық бөлме», ойын аймағы және т.б. туралы ал А.С. Токарева «МОТОмед» механотерапиялық оңалту тренажерін (жаңа модельдер) пайдалану туралы және «ҚР Фаэтон» нейроортопедиялық оңалту комбинезоны, аяқтарды дамытуға арналған жаттығу жабдықтарын көрсетіп, шеберлік сағаттар өткізді.
 
Семинардың қорытындысы ынтымақтастық атмосферасында және өнімді де жылулық жағдайда аяқталды.