Бүкіл әлемде 3 желтоқсан күні Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі
1992 жылы 3 желтоқсанда 47-ші сессияда Бас Ассамблея өз қарарында БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді мүгедектерді қоғам өміріне интеграциялау мақсатында Халықаралық мүгедектер күніне орай іс-шаралар өткізуге шақырды. Мүмкіндігі шектеулі адамның ең маңызды мәселелерінің бірі – оның құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғау.
2015 жылы мемлекетіміздің Президенті БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясын ратификациялауға қол қойды. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты әлемдегі ең маңызды заңдардың бірі.
Біздің еліміздегі мүгедектердің құқықтары «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-III Заңын, «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II Заңын (07.07.2020 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) және Қазақстан Республикасының басқа да НҚА.
Бұл күн – ең мықты және жүректері пәк адамдардың күні, өйткені олар әр кезде өз дерттерімен, қоғамдық пікірлермен және бағынбайтын тағдырымен күреседі! Миллиондаған адамдар сіздердің ерік-жігерлі күшіңізге және батылдығыңызға тағзым етеді!
Сіздерді құттықтаймыз және сіздерге көбірек күлімсіреуді, арандатушылыққа берілмеуді, әр сәттен ләззат алуды және жай ғана бақытты болуды тілейміз!