АИБД ҰҒПО орталығы аясында есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларға арналған музыка сабағы өткізіліп жатыр

  • 04.12.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 205

АИБД ҰҒПО-да «Ән айту» тақырыбында есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларға арналған музыка сабақтары өткізіліп жатыр. 
 
Сабақтың мақсаты – ән айту, балаларды музыкаға баулу және музыкалық қабілетін ашу. Музыка балалардың есту қабілетінің дамуында, сөйлеу қарқынын, дауыс ырғағын қабылдауында үлкен рөл атқарады. Музыка сабағында ән арқылы балаларға жақсы сөйлеу тынысын дамыту, анық артикуляция, әдемі естілетін дауыс, эмоциалналды әуезді сөйлеуді дамытады. Сондай-ақ есту зейінін жақсарту, есту есте сақтау қабілетін жақсартып, музыкалық қабілеті мен талғамын дамытады. Осы бағыттар бойынша балалармен жұмыс істеу үшін әртүрлі музыкалық әдістер қолданылып жатыр.
 
Жоба сурдопедагог Г.М. Шолпанкулова мен педагог-музыкант А.Б. Журбайдың жетекшілігімен волонтерлік негізде тегін өткізіледі. Осындай сабақтар балалармен жеке және топтық жұмыс түрінде жүргізіледі. Қазақ тіліндегі сөйлеу материалын педагог-музыкант А.Б. Журбай өзі құрастырып, материал сабақ кезінде бейімдейді.