Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды дамыту бойынша қалалық семинар-тренинг өтті
05.12.2023 ж. Алматы қаласы № 9 арнайы мектеп-интернатында «Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен дамыту барысында ата-аналардың әлеуетін көтеру жолдары» тақырыбында қалалық семинар-тренингі өтті.
Арнайы жəне инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық Орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер, «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қорының Президенті Сейсенова А.Д. өзінің зор үлесін қосып, тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында интерактивті лекция жүргізіліп, кейс-стади талқыланды.
Іс-шараға Алматы қаласының арнайы балабақшаларының меңгерушілері, арнайы білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер және педагог-психологтары жалпы 65 адам қатысты.
Осы семинардың ұйымдастырушылары – Алматы қаласының Білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық Орталығы, «Азамат әлеуеті» Жеке қайырымдылық қоры.