Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Біздің Отанымыз – Қазақстан» атты челленджі басталатынын хабарлайды.
Бұл челлендждің мақсаты – барлық ерекше білім беруді қажет ететін балаларды патриоттық сезімге баули отырып, өнерлерін паш ету.
Осы іс-шараға еліміздің барлық түкпір-түкпірінен арнайы білім беру ұйымдарын осы челленджге белсенді қатысуға шақырамыз. Өз елімізге деген сүйіспеншілік танытып, елімізді қалай аялайтынымызды көрсетейік.
Бар болғаны креативті шығармашылық қабілетті қосып, еліміздің көк байрақты туымен видео түсіру қажет. Біздің орталықты белгілеуді ұмытпаңыздар!