Зиятында бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп меңгерушілері мен педагогтеріне арналған семинар
08.12.2023
ННПЦ РСИО
151
07.12.2023 г. АИБД ҰҒПО-да семинар АИБД ҰҒПО директордың м.а. А.А. Байтурсынованың алғы сөзінен басталды. АИБД ҰҒПО ақпараттық талдау және қамтамасыз ету бөлімінің маманы Д. Х. Култаев АИБД ҰҒПО сайтының ақпараттық ресурсын көрсетті. Әдіснама және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы И.Г. Елисеева зиятында орташа түрдегі бұзылыстары бар білім алушыларға арналған Үлгілік оқу бағдарламаларының жобаларын ұсынды. Сондай-ақ, бөлім мамандары зиятында бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептердің педагогтеріне дайындаған әдістемелік ұсынымдар көрсетілді.
Семинар барысында қатысушылар «сұрақ-жауап» айдары аясында сұрақтар қойып, жауаптар алды.
Кеңеске ҚР Оқу-ағарту министрлігінің арнайы және инклюзивті білім беру департаментінің өкілдері, АИБД ҰҒПО директорының м.а. А. Байтурсынова, АИБД ҰҒПО әдіснамасы және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің әдіскерлері, зиятында бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептердің меңгерушілері қатысты. Семинардың соңында зиятында бұзылыстары бар балаларды оқытудың маңызды мәселелері қорытындыланды.