Пресс-релиз

  • 11.12.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 148

«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» РММ 2022 жылдың 11 – 22 желтоқсан аралығында өткізілетін іс-шараларды жоспарлағаны туралы хабарлайды.

2023 жылдың 11 – 22 желтоқсан аралығында «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» РММ (АИБД ҰҒПО) арнайы білім беру ұйымдарының ЕДШ нұсқаушылары мен дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған «Балалардың қозғалыс бұзылыстарын кешенді оңалту әдістері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізіледі.

Курстың мақсаты:

1) дене шынықтыру мұғалімдерінің, ЕДШ нұсқаушыларының тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балаларға арналған түзету кабинеттері мен мектеп-интернаттарында ерекше қозғалыс қажеттіліктері бар балаларды кешенді оңалту мәселелеріндегі кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін арттыру. Сондай-ақ мамандардың ата-аналармен үйде белгілі бір дағдыларды үйрету бойынша ынтымақтастығы көзделеді;

2) тыңдаушыларды «кешенді оңалту» ұғымының заманауи түсіндірмесімен таныстыру;

3) ЕДШ нұсқаушысының, дене шынықтыру мұғалімінің және қозғалысында бұзылыстары бар балаларға арналған түзету кабинеттері мен мектеп-интернаттарындағы массаж жасау жөніндегі маман жұмысының функционалымен таныстыру.

Курсты аяқтаған тындаушылар:

1) кешенді оңалтудың қағидалары мен әдіснамасын түсіндіреді;

2) балалардың қозғалыс бұзылыстарын бағалау және біліктілік тәсілінің алгоритмін түсінеді; құжаттаманы жүргізу тәртібін біледі (бақылау хаттамалары, баланың қозғалыс бұзылыстарының сипаттамасын жасау, жеке-дамытушы бағдарлама мен технологиялық картаны ресімдеу);

3) МЖМБС оқу бағдарламаларын бейімдеу (қысқарту), арнайы педагогтің көмегімен қозғалысында бұзылыстары бар балаларға арналған жеке оқу бағдарламаларын жасау технологияларын меңгереді; қозғалуында қиындықтар туғызатын себептерді ескере отырып, қозғалысында бұзушылықтар және қажеттіліктері бар баланың қозғалыс процесін даралауға жалпы қағидаттарды түсіндіруге және нақты тәсілдерден мысалдар келтіруге қабілетті болады.