«Инклюзивті білім беру: әр баланы сәтті бейімдеу үшін стратегиялары, әдістері мен ресурстары» семинары
Алматы қаласының №10 жалпы білім беру мектебінде «Инклюзивті білім беру: әр баланы сәтті бейімдеу үшін стратегиялары, әдістері мен ресурстары» семинары өткізілді.
Семинардың ашылуы Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Т. Малгаждарованың алғы сөзімен басталды. Мектеп директоры Ш.С. Удуримова «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуды ұйымдастырудың тәжірибесі мен болашағы» атты баяндамамен сөз сөйледі.
Біздің орталығымыздың нейропсихологы, психологы Ә.Е. Бақтығали «Ерекше білім беруді қажет ететін баланың сенсорлық жүйесін дамыту (сары галстук)» тақырыбында ақпаратпен бөлісті.
Сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балалар попурриға қатысып ән айтып, би өнерлерін көрсетті. №10 ЖББМ ата-анасының бірі өзінің тәжірибесімен бөлісіп, аутистік спектрдегі бұзылыстары бар баласының оқиғасын айтып берді.