ЕДШ нұсқаушыларына, дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы

  • 11.12.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 182

2023 жылдың 11 желтоқсанынан бастап АИБД ҰҒПО РММ-де ЕДШ нұсқаушылары, арнайы білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған «Балалардың қозғалыс бұзылыстарын кешенді оңалту әдістері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтуде.
Курсты өткізудің мақсаты – тыңдаушыларды кәсіби дамыту, балалардың қозғалыс бұзылыстарын кешенді оңалтуды ұйымдастырудың табыстылығы туралы қазіргі заманғы дұрыс түсінуіне білім мен практикалық дағдыларды ауқымды меңгеру.
Курстың мазмұны тыңдаушылардың теориялық және практикалық дайындығымен қамтылады. Теориялық бөлімнің негізгі міндеттері: клиникалық сипаттамасы, балалардағы церебральды сал ауруы (БЦС) бұзылыстардың сипаты мен қозғалыс даму ерекшеліктерін зерттеу; спастика, гемипарез, тетрапарез, гемиплегия, атаксия, атетоз және аралас формалардағы емдеу-оңалту процесі; денені қолдау және релаксация үшін судың қасиеттерін пайдалану; оңалту жабдықтарын пайдалану; емдік массаж негіздері, көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер.