АИБД ҰҒПО-ға «IT servise education» қоғамдық бірлестігінен қонақтар келді

  • 09.01.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 102

2024 жылдың 08 қаңтары күні АИБД ҰҒПО-да Талдықорған қаласынан келген «IT servise education» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өтті.
 
Кездесу барысында «IT servise education» қоғамдық бірлестігінің басшысы Қ.Б. Капанов көру қабілетінің бұзылыстары бар жандарға арналған оқу құралын таныстырып, ұсынды. Сонымен қатар көрмейтін балалардың әлеуметтену, тифлопедагог мамандарын даярлау сияқты өзекті мәселелері талқыланды.
 
Кездесу ынтымақтастық атмосферасында және өнімді де жылулық жағдайда өтті.