Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды педагог-ассистенттің сүйемелдеуі

  • 12.01.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 323

"Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" РММ 2023 жылдың 15 қаңтарынан 25 қаңтар аралығында өткізілетін іс-шараларды жоспарлау туралы хабарлайды.

2024 жылдың 15 қаңтарынан 25 қаңтарға дейін жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистенттері үшін «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды педагог-ассистенттің сүйемелдеуі» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда.

          Курстардың мақсаты тыңдаушыларды жалпы білім беретін мектепте мінез-құлқының бұзылыстары, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды педагогикалық қолдаудың әдіснамалық, технологиялық және әдістемелік білімдермен және дағдылармен қамту болып табылады.

Қойылған мақсатты шешу үшін мынадай мәселелер қарастырылатын болады:

1) «инклюзивті білім беру» ұғымының заманауи түсіндірмесімен танысу;

2) инклюзивті білім беруді дамыту контекстінде жалпы білім беретін мектептің білім беру процесіне қатысушылардың (әкімшіліктің, сүйемелдеу мамандарының, мұғалімдердің) функционалын қарастыру;

3) жалпы білім беретін мектеп жағдайында оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау алгоритмі;

4) педагог-ассистенттер пайдалануы тиіс мінез-құлқының бұзылыстары бар оқушылардың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін зерделеу әдістемесін талқылау және пысықтау;

5) мінез-құлқының бұзылыстары бар білім алушылар үшін сүйемелдеудің жеке бағдарламасын жасау тәртібін ашу.

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар мыналарға үйренеді:

1) инклюзивті білім берудің философиясы мен әдіснамасын; халықаралық нормативтік базаның негізгі ережелерін түсіндіреді; отандық нормативтік базаға бағдарланады; оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін түсіндіру және мектепте оқушыларды қолдаудың негізгі бағыттарын айқындау кезінде әлеуметтік-педагогикалық модельді ұстанады;

2) оқушының даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін тереңдетіп тексеру әдістерін, сүйемелдеудің жеке бағдарламаларын жасау технологияларын, мінез-құлқының бұзылыстары бар оқушылармен жеке және сабақ өткізу әдістемесін меңгереді.