ҚР Оқу-ағарту вице-министрінің үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуі
2024 жылдың 11 қаңтарында ҚР Оқу-ағарту вице-министрінің қатысуымен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен «Арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн форматта кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты: арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылау.
Кездесуде ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Е.С. Оспан алғы сөзбен және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің арнайы және инклюзивті білім беру Департаментінің директоры Л.А. Бутабаева «ҚР арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың басым бағыттары» тақырыбында баяндамамен сөз сөйледі.
Арнайы білім беру ұйымдарында балаларды психологиялық қолдау мен педагогикалық оңалтудың өзекті мәселелері, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы жағдайлар жасау және психологиялық-педагогикалық қолдау, сондай-ақ арнайы мектеп түлектерін кәсіптік жұмысқа даярлау үдерістері мен кәсіптік бағдарлау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға, әлеуметтендіруге және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге және оларға сапалы білім алуға бағытталған ұсыныстар жасады.