Оқу-ағарту министрінің қатысуымен ғылыми қоғамдастық пен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу
2024 жылдың 13 қаңтарында Алматы қаласының Достық үйінде ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың қатысуымен ғылыми қоғамдастық пен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында балаларды ерте дамыту, педагогтерді даярлау деген сияқты арнайы және инклюзивті білім берудің тың деген мәселелері талқыланды.
ҚР Оқу-ағарту Министрі Ғ. Бейсембаев арнайы және инклюзивті білім беру бойынша барлық мәселелерін тек айтып қана қоймай, іс-жүзінде асыру керек екенін атап өтті.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің инклюзивті және арнайы білім беру Департаментінің директоры Л. Бутабаева арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту мәселелері бойынша баяндамамен сөз сөйледі. Ол баяндамасында арнайы ұйымдар бойынша статистиканы көрсетіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар назардан тыс қалмау керектігі және педагогтерді даярлау сапасы жоғары болу маңызды екенін айтты.
«САТР» ЖШС директоры, педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор Р. Сулейменова арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері бойынша баяндамасында инклюзивті білім беру терминіне тоқталып өтті. Балаларды ерте жастан дамыту, оқуда қиындықтары бар балалардың білім алуы сапалы болу керектігін айтты.
Сондай-ақ Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті педагогика және психология институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Ғ. Абаева арнайы педагогтерді даярлау мәселесі бойынша баяндамасымен, «Дара» қорының «Қазақстанда инклюзивті қоғам құру» жобасының үйлестірушісі С. Бексултанова баяндамамен және Болат Өтемұратов жеке қорының директоры М. Айтмагамбетов баяндамамен сөз сөйледі.
Ашық микрофон барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, оларға жауап алуға мүмкіндік алды.