АИБД ҰҒПО-да психологтар мен дефектологтарға арналған біліктілікті арттыру курсы басталды

  • 22.01.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 192

2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап АИБД ҰҒПО-да «Д. Айрестің сенсорлық интеграциясы. Сенсорлық-интегративті тәсіл негізінде мүмкіндігі шектеулі балалармен дамыту жұмысы» атты арнайы мектепке дейінгі ұйымдардың, оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің психологтары мен дефектологтарға арналған біліктілікті арттыру курсы басталды.
Курста оқыту тілі - орыс тілі.
Курстың мақсаты – сенсорлық интеграцияны пайдалана отырып, сапалы практика үшін заманауи халықаралық араласу стратегиялары негізінде педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру және мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық көмекті тиімді көрсету үшін арнайы білім беру ұйымдары педагогтерінің педагогикалық практикасына сенсорлық-интегративті тәсілді енгізу болып табылады.