АИБД ҰҒПО-да жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистенттеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтуде

  • 22.01.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 188

2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап АИБД ҰҒПО-да жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистенттеріне арналған «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды педагог-ассистенттің қолдауы»  тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр.
Курстың оқыту тілі – қазақ тілі жүргізілуде.
Біліктілікті арттыру курсының мақсаты – тыңдаушыларды жалпы білім беретін мектепте мінез-құлығында бұзылыстары бар балаларды жеке қолдап отыру әдіснамалық, технологиялық және әдістемелік білімдерімен және дағдыларымен қаруландыру болып табылады.
Педагог-ассистенттің қызметі – ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білім беру процесіне қатысуға көмектесу, мектеп ережелерін сақтауға үйрету, құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас орнату, олардың мінез-құлық ерекшеліктерін реттеу өте маңызды.