Жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистенттеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды
26.01.2024
ННПЦ РСИО
212
2024 жылдың 25 қаңтарында жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистенттеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Курс барысында тыңдаушылар педагог-ассистент қызметінің негізгі бағыттары мен принциптерімен, яғни ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістерімен және тәсілдерімен танысты. Мінез-құлығында бұзылыстары бар оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға командалық тәсілдердің алгоритмін қарастырды. Педагог-ассистенттің психологиялық-педагогикалық қолдау құжаттамасын қарастырып білді.
Іс жүзінде оқушының даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін терең тексеру әдістерін қолданып, мінез-құлығында бұзылыстары бар оқушылармен жеке сабақтар өткізу әдістерін игерді.
Курс қатысушылары балаларға көмек көрсету үшін алған білімдерін іске асыруға деген ұмтылыстары жоғары екенін айтып, алғыстарын білдірді.