АИБД ҰҒПО мамандарының қатысуымен «АРДИ» ҚБ, «САТР» ЖШС, Алматы қаласы әкімдігінің әлеуметтік жұмыспен қамту басқармасының өкілдерімен кездесуі
2024 жылдың қаңтар айының 29 күні «АРДИ» орталығында АИБД ҰҒПО мамандарының қатысуымен «АРДИ» ҚБ, «САТР» ЖШС, әкімдіктің әлеуметтік жұмыспен қамту басқармасының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ерте араласу қызметі» орталығын ашу жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Кездесуге қатысушылар өз пікірлерімен және жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, осы маңызды жобаны табысты іске асыру бойынша одан әрі қадамдар стратегиясын қарастырды.
Сонымен қатар, талқылау барысында ынтымақтастық пен бірлескен бастамаларға қатысты әртүрлі аспектілер бойынша құнды ұсыныстар берілді.